Кезеңдер
Қазақстандық білім жүйесіндегі қарама-қайшылықты ауыстыру үшін, алдағы бірнеше жыл маңызды кезең болмақшы. Сарапшылар тобының шешімін негізге ала отырып, барлық ұсынысты шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.
I КЕЗЕҢ.
Оқу бағдарламасын толық тексеру. Қажетсіз білімнен бас тарта отырып, оларды өзектендіру, сонымен қатар білім берудің жаңа форматын анықтау.
II КЕЗЕҢ.
Білім беру мазмұнына, әсіресе, колледждер мен университеттер деңгейінде бизнестің, өндірістің, потенциалды жұмыс берушінің ат салысуын арттыру.
III КЕЗЕҢ.
Күнделікті оқу процесіне VR\AR, 3D-технологиялар, жасанды интеллект және машинамен оқыту секілді технологиялық шешім енгізу.
IV КЕЗЕҢ.
Білім беруді тереңінен және толық цифрландыру, соның ішінде, цифрлы колледждер мен университеттер, жұмысқа тұруға және өз білімін, машығы мен біліктілігін растауға цифрлы платформалар құру.